Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

2015 жылдың жаңа жоспарлары  бекітілді
30 желтоқсан, 2014 жыл 75 Басып шығару нұсқасы

 Бүгін Қарағанды өңіріне қарасты қала, аудандық мешіттердің имамдары  жыл бойы атқарған жұмыстарының есебін тапсыру бойынша Қарағанды облыстық орталық мешітінде ұйымдастырылған алқалы жиынға келді.


Жиын басында сөз алған  ҚМДБ-ның Қарағанды өңірінің өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы таяуда ғана Төралқа мәжілісінің өткендігін, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретінің  жаңа бастамалары мен тапсырмаларын айтып өтті.


Жалпы, облыс көлемінде діни ахуал тұрақты. ҚМДБ-сы тарапынан жүктелген жаңаша бағыттағы міндеттер мен талаптар өз үдесінен шығып отыр. Әр бір мекемедегі кездесулер  мен жұма уағыздары, жалпы және жастар бөлімі бойынша жастармен жұмыс жасау көрсеткіштері мен оқу-ағарту жұмыстары өз арнасына түсіп, имамдардың кезекпен тәжірибе алмасып аймақтағы мешіттер  жұма намаздарын өткізуі жүйелі атқарылған. Мұнан бөлек имамдардың қайырымдылық көрсетулері, әсіресе мүмкіншілігі шектеулі жандарды ұмыт қалдырмай, әрдайым назарда ұстауы көңіл көншітерлік игі іс болғаны анық.


Бүгінгі жиналыста өкіл имам  биылғы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесін ескере отырып, 2015 жылы нақты жүргізілетін   ұсыныс-жоспарларды қабылдады. Ең өзектілерін талқыға салды.  Дініміздің өркендеуіне арналған  жұмыстар  қаңтар айынан бастап  жүргізілетін болады.


Имамдар осы жиналыстың алдында  жыл бойына атқарған жұмыстарының жазбаша есебін тапсырған болатын. Оның ішінде: мешіттердің апталық, жарты жылдық,  жылдық есептері және   сауат  ашу курсы мен  АНТ-тың жұмыс жүргізілуілері т.б  қамтылған. Сонымен бірге   имамдардың ihsan.kz  сайтына жіберген     ақпарлары мен имамдардың өнімді мақалаларының нәтижелері де қаралды. Жиында жалпы сараптама  тарқатыла айтылып, мешіттердің  нәтижелі жұмыстарына жақсы баға беріліп, кемшін тұстарына келесіде баса назар аудару қажеттігі айтылды.


Сонымен есеп беру қорытынды отырысында  дәстүр бойынша бас имамдарға кезек берілді. Дайындап келген есептерін таныстырып, атқарған жұмыстарының қорытындысын көрсетті. Келер жылы атқарылатын жұмыстарға ой-пікірлер, ұсыныс-жоспарлар ұсынылды.  Есеп беру жұмыстарын  тыңдаған өкіл имам 2014 жылы жақсы жұмыс көрсеткіштерімен дараланған мешіттердің  имамдарына арнайы алғыс хаттар мен  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дайындаған   "Діни іс-қағаздарды жүргізу", "Жұма уағызы-2"  кітаптарын тарту етті.


Мөлдір Шағырбаева


ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="13080,13081,13077,13100,13076,13078,13079,13090,13091,13092,13093"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары