Бүгін жұма намазының алдында ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жиналған жамағатқа қасиетті жұма күнгі оқыған намаздарының, атқарған игі істерінің қабыл болуын айтып, жыл бойына асыл дініміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан жандарға алғыс білдірді. Өкіл имам осы орайда, Бас мүфти Ержан қажы Малғажұлының кәсіпкер Сапар Көшкенұлына арнайы жолдаған алғыс хатын көпшілік алдында табыстады.
Алғыс хатта, "Мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, еліміздің Тәуелсіздігін баянды ете түсу түрлі салада қызмет етіп жүрген әрбір азаматқа зор жауапкершілік жүктейді. Осынау уақыт жүгін сезініп, діни басқарманың игілікті іс-шараларына атсалысып, биылғы "Дін мен дәстүр" жылында қайырымдылық шараларына қолдау білдіріп, белсенділік танытқаныңыз үшін Сізге өзімнің және Қазақстан мұсылмандары атынан алғысымды білдіремін."-деп жазылған.
Пікірлер