Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Қарағанды облыстық орталық мешітінде Қарағанды қайырымдылық мекемесінің басшысы Дәулет Рахимбековпен арнайы жиын өткізді.
Бүгінгі басқосуға облыстық мешіттің наиб имамдары, Қарағанды қалалық мешіттерінің бас имамдары, және Дін істері агентігінің басшысы Қайрат Нүркенов қатысты.
Ислам дінінің өркендеуіне мешіттер мен медреселердің біріге жұмыс атқаруы маңызы зор екені әлеуетке белгілі. Осы мақсат-мүддемен бұл отырыста медресенің жағдайы, бағыты, атқарылып жатқан бірқатар шаруалары айтылып, 2015 жылға арналған жоспарлар талқыланды. Облыс көлемінде атқарылатын биылғы жылдың жоспарлары қаралып, ұсыныстар, ой-пікірлер ортаға салынды.
Өкіл имам мекеме басшысына медреседегі шәкірттердің діни білім алу жүйесін айта келе, биыл да жылдағы дәстүрмен шәкірттерді «Нұр-Мүбарак» университетіне дайындауды тапсырып өтті.
Жиынның негізгі мақсаты, Қарағанды өңіріндегі діни тұрақтылықты сақтай отырып, мешіттер мен медреселердің атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесін арттыру. Сонымен бірге Ынтымақтастық туралы меморандумда көрсетілген барлық пунктер қайта оқылып, құжаттағы ҚМДБ-ның негізгі міндеттемелері жеткізілді.
Мөлдір Шағырбаева
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша баспасөз қызметі
[gallery link="file" ids="13166,13167,13168,13169"]
Пікірлер