Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Облыстық мешітте шәкірттермен кездесу өткізілді
10 қаңтар, 2015 жыл 7 Басып шығару нұсқасы

"Шәкіртсіз ұстаз тұл" деп дана қазақ тектен-тек айтпаған сірә. Сонау заманда  баласын сабақ алсын, ілім жинасын деп молданың қолына сеніп тапсырған да, молданы қадірлеп қастерлеген де халқымыз еді. Бүгінде Аллаға шүкір Исламның хақтығын түсініп, көркем уағыздарын ұйып тыңдайтын халық баласын мешітке жіберуде. Бұлай нық сеніммен айтуымызға себеп, Қарағанды өңіріндегі мешітінің ұстаздарынан  діни білімін толықтырып, сабақ алып жүрген шәкірттердің саны күннен күнге артуы.


 Бүгін Қарағанды облыстық орталық мешіттің наиб имамы Ескендір Хакимұлының ұйымдастыруымен "Нұр-Мүбарак" университетінде білім алып жүрген  шәкірттер ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қабылдауында болды. Кездесу барысында шәкірттердің бүгінгі жағдайы, жоғарғы оқу орындарында алып жүрген білімі, оқу-білімнің мән-маңызы айтылды. Өкіл имам  болашақта  имам  болатын шәкірттерге тағылымы мол өсиеттері мен даналық ойларымен, кеңестерімен бөлісті. Әңгімелесу барысында бас имам   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдардың білімін арттыру мақсатында  төрт бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын таныстырып, тарқата  айтып өтті. Бұл келешекте дін қызметкерлеріне өте қажетті. Сондай-ақ, ел мен мемлекеттің тұрақтылығы жолында тер төгіп жүрген дін қызметкерлеріне қойылатын негізгі  талаптар сөз болды. Мәселен, кез-келген имамға уағызды көркем тілде жеткізу үшін шешендік өнер жағын дамытуы қажет.  Сонымен бірге ХХІ ғасыр ақпараттық-технологиялардың қарыштап дамыған уақыты. Бұл тұрғыда жаңа заманның талабына сай имамдарда озық технологияны жетік меңгеруі ләзім екені де тақырыптан тыс қалмады. Жиын соңында шәкірттер жағы өкіл имамның ашық сұхбатына, әсерлі әңгімесіне алғыстарын білдірді. Жастар өкіл имамның ақжарқын мінезін, қарапайымдылығын көпке үлгі, өнеге болып жүргенін мақтанышпен жеткізді.


Қарағанды облыстық орталық мешіттің баспасөз қазметі


[gallery link="file" ids="13243,13244,13245,13246"]

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары