Бүгінгі таңда дін насихаты заманның талабына сай, осы уақыттағы халықтың санасы мен қажетіне қарай насихатталып келеді. Жыл басында Қарағанды облыстық мешітінде қала, аудан бас имамдарымен өткен алқалы жиында өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы ұсынған жеті бағыттың бірі уағыз-насихаттың пәрменділігін арттыру болатын. Осы күнтәртібінен түспейтін өзекті істі негізге алып, №1-мешітінің бас имамы Орманбет қажы Болатұлы мешіттің тұрақты жамағаты мен жалпы келетін халыққа арнап діни сауатты арттыра түсетін игі істі бастады. Көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға ҚМДБ-ның нақты дәлелдер мен жауаптары берілген «Құлшылықтың өзегі болған – бес уақыт намазға қатысты сауалдар мен жауаптар» тақырыбымен топтастырылған шағын кітапша бүктеме ретінде дайындалды. Кітапшадағы жинақталған жазбаларда тұщымды жайттар толықтай қамтылған. Оны демеушілер арқылы көбейтіп тегін тарату жолға қойылды. Сонымен қатар, алдағы уақытта түрлі сауалдар мен пәтуалар жинақтары да топтастырылып халыққа ұсынылатын болады.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
[gallery link="file" ids="13430,13431,13432,13433"]
Пікірлер