Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Күмісбек молда» мешітінде Мәуліт оқылды
22 қаңтар, 2015 жыл 20 Басып шығару нұсқасы

        Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)   туылған айының құрметіне Сәкен Сейфуллин атындағы кенті, «Күмісбек молда»  мешітінің бас  имамы Байхадамов Аманның ұйымдастыруымен Мәуліт аталып өтті. Мешітте жұма намазы оқылып, Мәуліт асы беріліп, құран бағышталды. Мәулітке Шет ауданының бас имамы Махамбетчин Берік Алпысбайұлы қатысып,  жиналған жамағатты айтулы мерекемен құттықтады. Мәуліт маңыздылығы жөнінде уағыз-насихаттар айтылды. Кент тұрғыны Жакенов Марқаш барша ағайындарымен бірігіп, Мәулітке арнайы қой атап, мешіт жамағатымен бірге қаржылай  көмегімен халыққа арнайы  дастархан жайды. Кентіміздің бас имамы Мәуліт жырын оқыды, ардақты Пайғамбарымызға салауаттар айтылды. Мешіттің ақсақалдары Удешов Жаманқара, Амрин Болат, Байкенов Серік, Аллаяров Әмірқұл жиналған қауымды Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айы Мәуліт мерекесіне ізгі тілектерін жолдап, ақ батамен аяқтады. Ақ жаулықты әжелеріміз Мақпуза, Төлеу апа және Елеукен әжелеріміз де баршасына ақ батасын берді. Отанымыз тыныш, халқымыз аман болып, Елбасының алға қойған мақсаты,  жоспарларының берекесін берсін деген ниетпен  Алладан медет сұрады. Осы күндік асты өткізуге ат салысқан кентіміздің жастары Рымбеков Мадияр, Жолболдина Мариям, Эльмира және Айнагүл елеулі үлестерін қосты. Алла разы болсын! Мәуліт мүбәрак болсын, ағайын!


С.Сейфуллин атындағы кенті,


«Күмісбек молда» мешітінің азаншысы


Б.Ахметов


[gallery ids="13472,13473"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары