Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Приозерск мешітінде Мәуліт оқылып, салауат айтылды
22 қаңтар, 2015 жыл 161 Басып шығару нұсқасы



Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Дархан Асылтайұлы Қарағанды облысы, Приозерск қалалық мешітінде өткізілген Мәуліт жырының оқылуына қатысты. Дархан Асылтайұлы жамағатты қасиетті Мәуліт мерекесімен құттықтап, ардақты  Пайғамбарымызға(с.ғ.с) арналып салауат айтылды.  Сонымен бірге мешіттің жаңа салынған асханасында айтулы мерекеміздің құрметіне ас беріліп, құран бағышталды. Ақ дастархан басына жиналған қонақтарға Приозерск қалалық мешітінің бас имамы Дәуіт Қожахметов  қасиетті Мәуліт мерекесінің аталып өтілуі, мән-мағынасы жөнінде кеңірек айтып,  салауат айтудың артықшылығына  тоқталып өтті. Облыстық мешіттің  наиб имамы Дархан Асылтайұлы аталмыш тақырып аясын кеңейте отырып,  адамзаттың асыл тәжі - Мұхаммед Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) өнегелі өмірінен әсері мол уағыздар жүргізді. Ілкімді отырыс соңында ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының атынан мешіт асханасының ашылуына үлкен қолдау көрсеткен  Приозерск қаласының әкімі Қайрат Амангелдіұлына, Сейтқазы Зейнеғазинге және мешітке әрдайым  көмектесіп, демеушілік жасап жүрген  мешіт жанашырларына  арналған алғыс хаттар табысталды. Мешіттің бас имамы Д.Қожахметов Мәуліт асына қатысқан қонақтарға зор алғысын айтып, мерейлі Мәулітте жасаған ізгі  істерімізге Алла Тағала разы болсын деген жүрекжарды тілегін жеткізді.




 


[gallery link="file" ids="13444,13445,13446,13448,13451,13453,13455,13456,13458,13459,13461,13463,13464,13465,13466,13467,13468,13469"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары