Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әз аналарымыз Мәуліт құрметіне дастархан жайды
24 қаңтар, 2015 жыл 14 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті жұма күні Балхаш қалалық мешітінің апалары ардақты Пайғамбарымыдың (с.ғ.с) туылған айы Мәуліт мерекесіне арнайы дастархан жайып, Құран бағыштады.


Мәуліт құрметіне жайылған отырысқа мешіттің апалары, бас имам Асылхан қажы Түсіпбеков және мешіттің наиб имамы Рауан Айтқазин қатысты.


Ас берілу барысында бас имам сүйікті Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) ғибратқа толы өмірінен, Мәуліттің маңызы жайында кеңінен уағыздар жүргізді.


Абзал аналарымыз  Балхаш қалалық мешітінің  бас имамы болып тағайындалуымен Асылхан Рахымжанұлын құттықтап, асыл дінімзге өзіндік үлес қосуын тілеп,  арнайы алғыс хат табыстады.


Асқа бата жасалып, Құран оқылған соң, бас имам мешіт жамағатына, апаларымызға мешіт тарапынан ризашылықтарын білдірді.


[gallery link="file" ids="13510,13511,13512"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары