Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шариғат шәлісі  мен оның мәнісі
03 ақпан, 2015 жыл 151 Басып шығару нұсқасы
2Өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының ел келешегі жастардың жат ағымдарға бой алдырмай, жақсы істерге жуықтап жүруіне жұмыс жасауға бағыттаған міндеттерін басшылыққа алып, Қарағанды қалалық №1-мешітінде «Жалпы және Жастар ісі» бойынша жағымды істер жалғасын тауып жатыр. Бас имам Орманбет қажы Болатұлының басшылығымен мешіттің діни қызметкерлері және ұстаздардың ұйымдастыруымен «Шариғат шәлісі- имандылықтың белгісі» тақырыбында кеш өтті. Рухани кешке жиналған жетпіске жуық жастардың дені жоғарғы оқу орнының студент жастары болды. Кеш барысында алдын-ала дайындалған қыз баланың тәрбиесіне қатысты слайдтар мен орамал тағудың пайдасы туралы уағыздар қамтылды. Кезіндегі әжелеріміз бен апаларымыздың, бойжеткендердің жалаңбас жүрмей, өз жастарына сай киім үлгісі мен жаулық тартқан кезеңдері де еске алынды. «Хиджап» деп қоғамнан бөлектенбей, өз ана тілімізде шариғат шәлісі немесе орамал деген атаулармен саналы түрде түсініп, қоғамдық дәрежеде дін мен дүние істерін қатар алып жүруге жол сілтенді. Жат ағымның ықпалынан жастарымызды арашалауға өзіндік үлес қосу үшін және рухани ағартушылық бағытта қосымша шараларды жандандыру мақсатында «Ақ желкен» жастар клубын ашуға келісілді. Кеш соңы қайырымдылық шарамен жалғасып, шараға қатысқан жастармен ақ дастархан басындағы сырлы сұхбаттарға ұласты.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="13985,13984,13983"]





 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары