Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Діни экстремизмнің алдын алу
05 ақпан, 2015 жыл 96 Басып шығару нұсқасы

Қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі экстремизмге қарсы күрес. Оған діни конфессия өкілдерімен бірге құқық қорғау органдары да белсенді түрде ат салысуға тиісті.


4 ақпан күні аудандық  өлкетану мұражайында аудан әкімі Қ.Бексұлтановтың қатысуымен аудан орталығы мешіті мен ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, ІІБ бастығы Б.Зейітов, ауыл имамдары және аудан мектептерінің  тарих пәні мұғалімдерімен  діни экстремизмнің алдын алу мәселесі бойынша  дөңгелек  үстел өткізді.


Аудан әкімі Қ.Бексұлтанов өз кезегінде дәстүрлі діндер туралы көбірек мағлұматтар беру және теріс бағыттағы діни ұйымдардың іс-әрекеттерін әшкерелеу, дәстүрлі діндердің бір-бірімен татулығын арттыру,  діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолында аянбай еңбектену қажеттігін айта келіп, өз тарапынан басты мақсаттардың жүзеге асуына аянбай көмегін беретініне тоқталып кетті.


Сонау тоқсаныншы жылдардағы еліміздің діни ахуалынан мысалдар келтіріп, салыстыра сөйлеген аудандық мешіттің бас имамы Құмар Қоныскерей  осы күнгі мешіт жамағатының бірнеше есе көбейгенін айтып, Аллаға сансыз мадақтар айтты. Дініміздің кеңінен қанат жайып, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосу – әрбір мұсылманның міндеті екенін де ескертіп өтті.  Мәуліт айында  пайғамбарымыздың сүннеттерін тірілтіп, жақсы істерге себепкер болуға үндеді. Дөңгелек үстел соңында аудан мешітінің имамы ислам дінінің атын жамылып, дәстүрлі дінімізге көлеңке түсіріп жүрген жат ағымдардан сақтану, ел тыныштығы мен  халық бірлігін басты мақсатқа ала отырып, ауылдарға ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу шаралары жоспарда бар екенін айтты. Сөз соңында ауыл имамы Мақсұтов Сыздық қажы ұрпағымыздың иманды, ел іргесінің тыныш болуын  тіледі.


Нұра ауданы

Мақпал Жұматаева

[gallery link="file" ids="14034,14036,14039,14042,14043,14052"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары