Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әрбір ақылды адамға иман парыз
07 ақпан, 2015 жыл 357 Басып шығару нұсқасы

 Бүгінде иман мен ақылды ұштастырған жастарымыз  Аллаға шүкір баршылық. Мешітке келіп, ұстаздардан діни білім алып, мешіт кітапханасына жиі келіп жүргені де көңіл қуантады. Бес уақыт намазын оқитын иманды жастар бүгін Қарағанды облыстық орталық мешітіне жиналды.


 Абай атамыздың кемеңгерлікке толы шығармаларын дәріптеуге мешіт кітапханасының меңгерушісі Дания Іңкәрбайқызы  «Ақылды адамға  иман парыз»  тақырыбында  іс-шара ұйымдастырды.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің шәкірттерімен өткізілген басқосудың  мақсаты - дара Абайдың даналыққа толы сөздерін кейінгі өскелең ұрпаққа  барынша насихаттау. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл иммы Өмірзақ қажы Қазкенұлы шараға арнайы қатысып, хакім Абай жайында тағылымы мол уағыздар жүргізіп, жастарға ақ батасын беріп, Құран бағыштады.


Осындай игі  бастаумен өткізілген шарада шәкірттер Абайдың қара сөздерін оқып, өлеңдерін нақышына келтіре орындап, асыл дініміз дәріптелген  шығармаларына толық тоқталып өтті. Әсіресе қара сөздеріндегі адамзат атаулысын имандылыққа шақырған тұстарын жастар кеңірек жеткізді. Ақынның өмір өткелдеріне  шолу жасалып, М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан «Құнанбай қажы» мешіті туралы үзінділер оқылды. Сонымен бірге «Ислам және өркениет» газетінде жарияланған  «Айтылмай қалған әңгіме» мақаласын тарқата айтып, көпшілігі мазмұнға толы деректермен танысты. Жастар өздерінің  орамды ойларын ортаға сала отырып, сұрақ-жауап ретінде  ойындар ойнатылды.


Осылайша жастар өзара ой-пікір алмасып, қазақтың данышпаны Абай жайында толығырақ білуге зор мүмкіндік туды. Мән-мағынасы зор іс-шараның соңына қарай Д.Іңкәрбайқызы қатысушыларға шексіз алғысын білдіріп,  мешіт атынан қасиетті Құран кітабын сыйлыққа үлестірді.


Әсем Мейірбекова қатысушы:

Бүгінгі шара өте жақсы деңгейде өтті. Мешіттің бас имамына, ұйымдастырушыға үлкен алғыс білдіремін. Ұлы ақын  Абай жайында  оқу орындарында өтіп тұратынын көреміз. Бірақ мешітте өткізілгені  ерекше әсер қалдырды. Бір сөзбен айтқанда жастарды қызықтыратын танымы мол кездесудің куәсі болдық. Осындай игі шаралардан  дәстүрлі дінімізді ұстанған Абай, Шәкәрім т.б бабаларымыздың құндылықтары өшпейітіні анық

ihsan.kz


[gallery link="file" ids="14104,14105,14106,14107,14108,14109,14110,14111,14112,14113,14114,14115,14116,14117,14118"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары