Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мәуліт мерекесі Ақжал кентінде атап өтілді
12 ақпан, 2015 жыл 16 Басып шығару нұсқасы
Шет ауданы, Ақжал кентінің имамы Б. Н Абильмашевтың ұйымдастыруымен «Шұғыла» мәдениет үйінде  Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күніне арналған Мәуліт мерекесі өткізілді. Мәулітке жиналғандың көптігіне қарап, халықтың дінге деген ниеттері, көзқарастары анағұрлым артқандығын көре аламыз. Мәулітке Шет ауданы, «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Берік қажы Алпысбайұлы  әз Пайғамбарымыз (с.а.с) туралы жүргізген уағызын  халық ұйып тыңдады. Ақжал кентінің әкімі Нұрғалы Рахымжанұлы сөз алып, мәулітпен дүйім жұртты құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.  Сонымен қатар ауылымыздың ақсақалдар алқасының төре ағасы Серік Қамбарұлы да ақ батасын берді. Балқаш қаласының "Темір жолшылар" мешітінің бас имамы  Медет қажы Құралұлы  Мәуліт жырын оқып,  мектеп оқушылары Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтты. Бекзат Құдайбергенұлы діни жыр-термелер орындады.   Ақжал мектебінің  денешынықтыру пәнінң мұғалімі Ибатаев Диас Құрмашұлы  және Ш.Батталова мектебінің медбикесі Балмағанбетова Анар Даулетханқызы және 11 сынып оқушылары  Мұқырбай Ернұр, Еркебұлан Өмірсерікұлы  Діни тәрбиелік мәні  бар «Намаз діннің тірегі» - атты қойылымды жиналған жамағатқа ұсынды.

Даримбев Бақытжан Серікбайұлы «Мұмкіндік» атты Діни монолог оқып, халықтың жүректерін бір тебірентті. Соңында  кент имамы Абильмашев Бағлан Насырұлы халыққа ризалығын білдіріп, келген қонақтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тарапынан ұсынылған кітіптарды сыйлыққа үлестіріп, мешіт асханасында ас  берілді.

[gallery link="file" ids="14231,14232,14233,14234,14235,14236"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары