Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Тұңғыш рет республикалық имамдар форумы өтеді
13 ақпан, 2015 жыл 13 Басып шығару нұсқасы

  79bb8bf9b3ee0b30c1a4945084b22179Астанада 19 ақпанда тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында І республикалық имамдар форумы өтеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өткізетін республикалық имамдар форумына еліміз бойынша 500-ге жуық өкіл имамдар мен аудан, ауыл молдалары қатысады.


  Аталмыш шара барысында еліміздің қоғам және мемлекет қайраткерлері, атап айтқанда, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы Өмірзақ Озғанбаев сынды танымал тұлғалар қатысып, баяндама жасайды.


  Форумда дін саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, оларды еңсеру жолдары талқыланады. Форум жұмысының басты мақсаты – «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Шынай мұсылманның тұлғалық келбеті», «Имамның тұлғалық бейнесі» және «Дін қызметкерінің қызметтік этикасы» сияқты маңызды құжаттар қабылданады деп күтілуде.


muftiyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары