Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды өңірі Мәуліт мерекесін тойлады
16 ақпан, 2015 жыл 109 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен  ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келген айына орай, "Адамзаттың асыл тәжі" тақырыбымен  Мәуліт мерекелік кеші өткізілді.
Жылдағы игі дәстүр бойынша, рухани кеште дәстүрлі дініміз бен ұлттық нақышымыз жаңғырып, Алла Елшісіне (с.ғ.с.) салауаттар айтылып, сәлемдер жолданды.
Сахна шымылдығы түріліп, Арыстан Үсеновтың шақырған азанымен басталып, Құран оқылып,  айтыскер, ақын Аманжол Әлтай арнау айтты. Рухани кеш басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлына құрметпен сөз берілді. К.Бекбосынұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Қарағанды облысына жолдаған ыстық сәлемін жеткізіп, Мәуліттің құндылықтарына айырықша тоқталып өтті. Сонымен бірге Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Қайрат Нүркенов мереке мүбәрак болсын деген  ізгі тілегін жеткізді. ҚМДБ-ның Қарағанды өкілі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ғибратқа толы ғұмырын насихаттаудың мәні мен мазмұны  мен жүрекжарды құттықтау сөзінен кейін белгілі айтыскер Дидар Қамиев пен Қарағанды шәкірттері әз Пайғамбарымызға(с.ғ.с) салауат жолдады. Айтулы кеш ары қарай С.Сейфуллин атындағы облыстық драма театрының әртістері қойған тағылымы мол көрініспен жалғасты. Әсері мол қойылымнан кейін, көрермен белгілі ұстаз Ризабек Батталұлының уағызын тыңдады. Қарағандылық ақындар –  Тілеген Әділов, Айтбай Жұмағұлов,  МақсатАқанов пен Дидар Қамиевтердің Мәуліт мерекесіне арнайы бірігіп айтқан мадақ жырлары да мерекенің  көркін қыздырды. Дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали термелер орындап, Арман Бердалин "Жоқ іздеп жүрмін" монологын оқыды.  Жалын Сыздықов, Сержанәлі Әлібек бауырларымыз діни әуендерін жүрекке жеткізе орындады. Алматыдан арнайы келген 6жасар Құнанбай есімді бүлдіршін де "Иләһи"  әнін айтып, жамағаттың ыстық ықыласына бөленді.
    Осылайша Қарағанды өңірінде  Жаратушымызға  мадақ, Пағамбарымызға(с.ғ.с) сансыз салауаттар айтылды.  Қасиетті Құранда «Ахзаб» сүресінің 56-аятында «Әлбетте Алла да, Оның періштелері де пайғамбарға (Мұхаммедке) салауат жолдайды. Ей мүминдер! Сендер де Оған (Алла Елшісі Мұхаммедке) салауат және сәлем жолдаңдар» деп бұйырады. Пайғамбарымызда (с.ғ.с)  өзіне салауат айтудың маңыздылығын: «Қиямет күнінде маған ең жақын болатын кісі – ең көп салауат айтқан адам» - деп білдірген онда Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  салауат айтып Мәуліт оқып, сүйіспеншілігімізді жаңғыртайық, жамағат.


Айзере апа 

Кеш көрермені

  Қарағанды имамдарының көркем түрде жеткізген уағыз-насихаттарын тыңдап көңіліміз толып жүр еді. Ал, бүгінгі  ұйымдастырған кеші жоғары деңгейде өтті.  Мәуліттің маңыздылығын, дін мен дәстүрді ұштастырған тұсын,  Пайғамбарымызға(с.ғ.с) салауат айтудың сауабы мол екенін  әдемілеп жеткізе білді. Ине шаншар орын болмады, әсіресе жастар жағы көп келіпті.  Өскелең ұрпағымызға бұл кеш үлгі-өнеге болғаны анық.  Қараша халықтың атынан зор алғысымды білдіремін. Алла әрбір істеріңізге разы болсын!  Адамзаттың асыл тәжі, тектілердің төресі, асылдардың асылы, ізгілердің ізгісі, Мұхаммедке Жаратқан Иеміздің жаратқан нәрселерінің санындай, Аршысының салмағындай, Өзі разы болғандай сансыз салауаты мен сәлемі болсын!


ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="14321,14354,14322,14351,14350,14323,14324,14325,14326,14327,14328,14329,14353,14330,14331,14332,14333,14334,14335,14336,14337,14338,14339,14348,14340,14341,14342,14346,14347"]

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары