Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абай ауданында Мәуліт мерекесі тойланды
17 ақпан, 2015 жыл 99 Басып шығару нұсқасы
Абай  аудандық мешітінің  ұйымдастыруымен, Абай аудандық  мәдениет  үйінде, «Екі дүние сардары» - атты, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) – ның туылған  күніне арналған мәдени кеш өткізілді. Діни мерекелік кешке  Қарағанды облыстық орталық  мешітінің  найб  имамы Жақия  Мерей Қанатұлының  Құран  оқуымен  басталды. Дәстүр бойынша  ақ жаулықты  әжелеріміз шашу-шашіп мерекенің  мәртебесін  көтерді. Осы  кешке арнайы келген, Қарағанды қаласы, №1 – ші мешітінің  Бас  имамы Орманбет қажы Болат ұлы, көпшілікке  Мәуліт мерекесі  жайында уағыз  жүргізді. Қарағанды орталық  мешітінің  найб  имамы Жақия  Мерей   мен  Абай ауданыдық  мешітінің  найб  имамы Смағұлов Жасұлан Мәуліт оқып, Абай  ауданына қарасты аграрлық колледжінің студенттері  «Салауат»  айтты. Аудандық мәдениет үйінің «Ақжол» жастар  театрының қойылымы  көрермендерге тарту етілді. Мәдини кеш, әнші әрі осы кештің жүргізушісі  болған Бота Ноғаева апамыздың  «Иман  келтіру»  термесі  орындалып және өзгеде   әншілеріміздің діни әндерімен жалғасты. Кеш соңында  мерекелік  дастархан  жайылды.

[gallery link="file" ids="14371,14372,14373,14374,14375,14376,14377,14378,14379,14380,14381"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары