Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Уағыз тыңдауға 100-ге жуық жамағат жиналды
26 ақпан, 2015 жыл 165 Басып шығару нұсқасы
 

Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлының бастамасымен және мешіт жамағатының ұйымдастыруымен мешітте жексенбі күні Ақшам намазынан соң  мешіт жамағатына дастархан жайылып, дәм берілді. Жексенбі күні Ақшам намазының алдында бірінші рет өткізіліп отырған уағыз-насихатқа Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Нұрбол Тағаев қатысып,  жиналған жамағатқа мазмұны мол уағыздарды насихаттады.


Әсіресе бүгінде өзекті тақырыпқа айналған діни экстремизм мен терорризмнің алдын алу төңірегінде уағыз кеңінен айтылды. Дәстүрлі дінімізге күйе жағып жүргендердің бірталайынаына уағыз сабақ болары анық.  «Ислам  сөзінің мағынасы бейтшілік, бірлік, жақсылық деген мағаналарды білдіреді. Исламның екi негiзгi қайнар көзi саналатын Құран мен Сүннетте жазықсыз адамның қанын төгу керек деген жерi жоқ. Бiр сәт ойланып көрейiкшi, Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) өмiрiнде өзiне қол жұмсау немесе бейкүнә жандарды өлтiру бар ма едi? Ал, лаңкестiк әрекеттерде адамның жанын қию бар. Ендеше, Ислам мен «экстремизмде» қандай байланыс болуы мүмкiн? Ешқандай байланыс жоқ. Керiсiнше, Ислам дiнi дұрыс түсiндiрiлмегендiктен түрлi орынсыз әрекеттер бой көрсетуi ықтимал. Бiздiң дiнiмiз өз отандастары мен қандастары, жерлестерi былай тұрсын, өзге сенiм иелерiмен де бейбiт ғұмыр кешудi бұйырады»


 Қасиеттi Құранда бұған қатысты мынадай аят бар: «Дiн турасында сендермен соғыспаған әрi сендердi өз отандарыңнан қуып шығармаған адамдарға жақсылық жасауларыңа және оларға әдiлеттi болуларыңа Алла Тағала қарсы емес. Өйткенi, Алла Тағала әдiлеттiлiк жасағандарды жақсы көредi» («Мумтахина» сүресi, 7-аят).


[gallery link="file" ids="14665,14666,14667,14668,14669,14670"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары