Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Монғолия мүфтиі Қарағандыда
27 ақпан, 2015 жыл 69 Басып шығару нұсқасы

Күндердің сұлтаны, қасиетті жұма күні Монғолия мүфтиі Батырбек қажы Хадис Қарағанды облыстық орталық мешітіне қонақ болып, арнайы  жұма намазына қатысты. Алла үйіне жиналған барша жамағатқа жұма қабыл болсын айтып, Монғолиядағы қандастарымыздың ыстық сәлемін жолдады. Қазақ халқының бейбіт ғұмыр кешіп жатқанын, дәстүрлі дінімізді ұстанатынын зор мақтанышпен айта келе, Астанада тұңғыш рет өткізілген I-ші республикалық имамдар форумы төңірегінде жылы лебізін білдірді.


Жұма намазының алдында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреті халал өнімдерін шариғатқа сай стандарттау жұмысына  Қарағанды өңірінен Уақасов Мадияр Мейіржанұлына бұйрық шығарғанын ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы  жиналған жамағатқа арнайы таныстырды.


Қарағанды өңірінде игі бастама Алла қаласа 2015 жылдың 1 наурызынан бастап өз жұмысын бастайтын болады.


ihsan.kz


[gallery link="file" ids="14701,14702,14703,14704,14705"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары