Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әз аналарымыз әрдайым құрметке лайық!
07 наурыз, 2015 жыл 120 Басып шығару нұсқасы

IMG_7330Ақ жаулықты әжелерімізді, мейірімді аналарымызды,  аяулы қыздарымызды құрметтеу, дәйім сыйлап алақанда аялау - Исламдағы  имандылықтың үлкен белгісі. Дана халқымыз: "Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді"  десе, Алла елшісі (с.а.с): "Жұмақ ананың табанының астында" деп ананың разылығын алудың қаншалықты маңызды екенін әдемі жеткізген.


Бүгінде әлемдік деңгейде   8-наурыз халықаралық әйелдер күні деп аталып, мереке ретінде тойлануда. Аталмыш мереке Асыл дінімізде  болмағанымен  аналардың мұсылман баласы үшін орны тым биік. Осы орайда Қарағанды облыстық орталық мешітінде асыл жандарымыздың құрметіне ақ дастархан жайылды. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы  Қазкенұлы апаларымызға, әпке-қарындастарымызға игі тілек тілеп, мерекемен құттықтап, әз аналардың орны әрдайым ерек екенін жеткізді. Облыстық мешіттің азаншысы Арыстанбек Теңелов аналарымыздың құрметіне өлең жолдарын оқып, тағылымы мол уағызбен жалғастырды. Мешіттің наиб имамы Мерей Жақия  мешіттің жамағатына, үлкендерімізге зор алғыс білдіріп, отырыс соңын қасиетті  Құранды оқумен аяқтады.


P.S Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен  бірталай іс-шаралар өткізіліп келеді. Игі басқосуларымыздың жақсы деңгейде өткенінен болар,  жамағат жағы әсіресе үлкендеріміз шынайы ықыластарын, ақ баталарын, алғыстарын жиі жеткізіп отырады.  Бүгін әсіресе, Ислам іліміне қызығушы жастарымыз, мешіт жамағаты  мешіт атынан "Ислам ғылымхалы", "Саңлақ сахабалары", "Таным тұғыры", "Сүннеті мойындамау-дін бұзудың амалы" сынды кітаптарды сыйлыққа алғанына шын жүректерімен рахметтерін айтты.


[gallery link="file" ids="14889,14890,14891,14893"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары