Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абзал ана - жүрегімнің тұнығысың!
10 наурыз, 2015 жыл 146 Басып шығару нұсқасы

АНА. Үш әріптен ғана құралған сөзге жылылық, мейірбандық, махаббат сынды ұғымдардың бәрі-бәрі сыйып кететіні анық. Шынында баласына, отбасына, отанына  деген ықыласы биік, кез-келген жайтты бей-жай қалдырмайтын да ана ғой. Бойына ұлылық пен жүрегіне бүкіл мейірімділікті үйіп берген Алла  Тағалаға сансыз мадақтар болсын.


Үлкен жүректі ананың қадір-қасиетін кейінгі өскелең ұрпақ санасына сіңіру үшін білім ордасының да берер өнегесі мол. Осы орайда Бұқар жырау аудандық мешітінің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы аудандағы №1 Қазақ орта мектебінде өткізілген «Ана біздін гүліміз» атты концерттік бағдарламалық кешіне қатысты. Аудандық мешіттің бас имамы аталмыш кеште мерекеге орай ізгі тілегін жеткізіп, асыл дініміз - әжелерімізді, аналарымызы, әпке-қарындастарымызды құрметтеу бір күнмен ғана шектелмейтінін  дәріптеді. Сондай-ақ, "Жұмақ - ананың табанының астында" деген ғибраты мол сөзді кеңінен түсіндіріп,  оқушыларға аналарымызды, үлкендерімізді әрқашан құрметтеуге, әрбір айтқан сөзін мұқият тыңдауға шақырды.


Мән-маңызға толы іс-шарада  балалар аналарына деген махаббатын әуезді әндерімен, кішігірім өлең жолдарымен жеткізіп,  бишілік қырларын да ортаға салды.


Анасыз өмірді елестету Алла сақтасын мүмкін емес.  Айналасына жылылық, қуаныш сыйлап жүрген аналарымыз дәйім аман болсын. Жүрегі мейірім-шапағатқа толы аналарымызға Алла ұзақ ғұмыр мен екі дүниенің бақытын нәсіп етсін.


 

[gallery link="file" ids="14976,14977,14978,14979,14980"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары