Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Анасын құрметтегеннің қадірі артады 
10 наурыз, 2015 жыл 101 Басып шығару нұсқасы

Аналардың күн шуағындай мейірімінен нәр алған адам баласы дүниеге тек ізгілік пен игілік жасау үшін келеді.Тіршіліктің тұтқасы, бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы әйел-анаға деген халықымыздың сый-құрметі ерекше. Адамзаттың көркем де әсем бөлігінің қатарында  апа-қарындастарымыз, асыл жарларымызбен аяулы қыздарымыз бар.Оларсыз өмірді бір сәтке де елестете алмаймыз. Еңселі еліміздің болашағы-жас ұрпақты дүниеге әкеліп, тәлім-тәрбие берумен бірге нәзікжандылар қоғамымыздың қай саласында болмасын қажырлы еңбек етіп келеді. Наурыздың алғашқы мейрамы  көктемнің шуақты күндері Аналар мерекесімен «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Берік қажы Алпысбайұлы аналарды ардақтап мерекемен құттықтады. Мешіт жамағаты, аудан тұрғындары тыл және еңбек ардагерлері мен зағип жандарға(Балтина Н, Бікішева М, Жакупова М) арнайы барып көктемнің осынау тамаша мейрамы күні аяулы да ардақты жандарға өмірдің барлық жақсылықтарын тілей келе "Әр күндеріңіз шаттықтың шағы, үйлеріңіз бақыттың бағы болсын ардақты аналар" - деп ізгі тілегін білдірді.Осы аталған ақ жаулықты  аналарға мешіт атынан 3 кілем, күнделікті тұрмыста қолданатын ыдыс-аяқ т.б сый-сияпат беріп құрмет көрсетілді.


[gallery link="file" ids="14988,14989,14990,14991"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары