Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Терроризм төңірегінде сұхбат жүргізілді(ВИДЕО)
11 наурыз, 2015 жыл 78 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Амантаева Аяулым және Алпысбекова Ақнұр есімді студенттері Қарағанды облыстық орталық мешітіне келіп, мешіт ұстазы Нұрбол Тағаевпен сұхбаттасты. Студенттердің сұрауы бойынша ұстаз бүгінде өзекті болған тақырыптардың бірі терроризм төңірегінде кеңінен түсіндіріп, студенттердің "Терроризм дегенге қандай түсінік бересіз?" сынды сауалдарына арнайы тоқталып өтті. Сондай-ақ, ынтымағы ұйыған берекелі жерімізде келеңсіз жайттар орын алмас үшін ҚМДБ тарапынан бекітілген республикалық ақпараттық насихат тобының жүргізіліп жатқан жемісті жұмыстары турасында да жеткізді. Жастарымыз осылайша өздеріне беймәлім тақырыптың аясында бірқатар мәліметтермен танысты.


ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары