Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Адамзаттың асылы, екі дүние сәруәрі Пайғамбарымыз
17 наурыз, 2015 жыл 327 Басып шығару нұсқасы

Мұхаммед (с.ғ.с).



Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың туған айы Мәуліт мерекесінің құрметіне арналып наурыз айының 15 күні М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында Балқаш қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы» атты рухани салтанатты кеш өтті. Мәдениет сарайы кешті көруге келген жамағатпен лық толды. Қонақтарды қарсы алған оқушы балалар әрбір келген кісіге сәлем беріп,  Шапағат шамшырағы әз Мұхаммед (с.ғ.с) 200 дана, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) таңғы және кешкі Дұғалары 50 дана, Мәуліт дұға, салауат айы 300 дана, Намаз оқып үйренейік 50 дана, Пайғамбарымды оқып үйренемін атты кітаптарын таратты 50 дана. Келген көрермен жамағатқа ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ұлттық салт-дәстүр мен асыл дініміздің тығыз байланысы, сабақтастығы  биылғы жылда  «Дін мен дәстүр» жылы деп хабарлағанын айтып өтіп және наурыз мерекесі келе жатқанын ескере отырып көрме ұйымдастырылды. Кіпаттарын алып көрмені тамашалаған жамағат асыға басып көрермендер залына қарай өтті. Залдың ішіне кірген бойда ойнап тұрған діни әуендерге ұйып, тамаша бір тәтті сезімге бөленді.


Мәдениет сарайының залында жиналған қауым 11-00 Мешіт ұжымының имамдарының жасаған игі істерін Слайд шоу арқылы тамашалап,  соңғы намаз атты деректі фильмнің көрсетілді. Сонан соң Балқаш қаласының «теміржолшылары» мешітінің бас имамы Медет Құралұлы Құран сүресін оқыды.


Қазақ халқының сал-дәстүрі болып жалғасын тауып келе жатқан шәшу шашусыз той болмайды деп қазақ бабамыз айтпақшы, Ақ жаулықты әжелеріміз Мәуліт мерекесінің құрметіне шәшу шашып,  Кештің алғашқы құттықтау сөзі Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Қарағанды өңірі бойынша  өкілі имамы, Қарағанды орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы Бекқожаға берілді. Балқаштықтарды Мәуліт мерекесімен құттықтаған Өмірзақ Қазкенұлы ҚМДБ құттықтауын жеткізе отырып, Балқаш қалалық мешітінің 2014 жылғы атқарған жұмыстарына тоқтала кетті және оған оң баға берді. Сөзін аяқтай келе, балқаштықтарға Алланың тура жолын нұсқап, Пайғамбардың өсиет хадистерін дұрыс мағынасында уағыздап жүрген, сонымен біргемұсылман жамағатты ынтымақ пен бірлікте өмір сүруге шақырған және мешіттің барлық жұмыстарын осы мақсатқа жұмылдыра білген бас имам Асылхан қажы Рақымжанұлына алғысын білдірді. Балқаштықтарды Мәуліт мерекесімен құттықтаған Өмірзақ Қазкенұлы Залдың ықыласы ерекше болғанын қаттырақ соғылған шапалақтың өзі-ақ аңғартқандай.  Балқаш қаласының әкімі Ардақ Маратұлы кешті көруге жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап, Бас имамға сәттілік тілеп, жұмысына жеміс тіліеді. Бұдан соң, Қарағанды қаласыныан арнайы шақырумен  келген Дидар Қамиев және Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы Жумагулов Бауыржан мен Балқаш көп салалы колледж студентері «Мәуліт айы құтты болсын жамағат, арнаңыздар Пайғамбарға салауат» атты Пайғамбарға салауат оқыды. Мәуліт мерекесінің құрметіне Нұрхат Баубеков бауырымыз арнау айтты. Мәуліт мекрекесіне Алматы қаласынан арнайы шақырумен келген Мешіт бас имамы Асылхан Рахымжанұлының ұстазы «Нұр мүбарак египет ислам мәдениеті» университетінің ұстазы Абдусамат Данияр Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмір тарихы жайында кенінен уағыз айтты. Данияр ұстаздың ізін суытпай, анау Астана қаласынан арнайы шақырумен келген әнші, сазгер Құрмаш Мақанов жиналған қауымға 2  Діни әні жолдады. Зал ішіне лық жиналған қауым тамаша бір тәтті сезімге бөленді. Алматы қаласынан келген әнші, сазгер Сержанәлі Әлібек Балқаш қаласының тұрғындарына 3 діни ән жолдап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.


Балқаш қаласының күйші, термеші бауыр – қарындастарымыз Аманжол Шаймерденов пен Арай Төкенқызы көрермендерге Терме мен Ерденнің күйін сыйлады.


Балқаш қаласының мешітінде Мәуліт мерекесінің құрметіне  Мүшайра «Шеберді шебер дегенше, Алланы шебер десейші»,«Әз Пайғамбар Мұхаммед (саллалаһу алейһи уәсаллам)»,«Көркем мінез – көркіміз».


жарияланған еді. Осы хабарландыруға байласынты Балқаш қаласының мектеп оқушылары, студенттер мен тұрғындары шығарған  өлеңдерін мешітке келіп тапсырған болатын. Мәуліт мерекесінде мүшәйра жүлдегері жарияланды. Нұрхат Баубеков Ынталандыру орындарын жариялады. Ынталандыру орындарына Исабаева Жансая, Болат Елдос, Шешов Мұхамедәлі, Мақсым Әліби бауырларымызбен Сапаргалиев Хамет ағамыз ие болды. Ынталандыру орындарына марапаттау қағазы мен ұялы телефондар табысталды. III-ші орынға ие болған Күземханов Мақсат бауырымзға әнші,сазгер Дидар Қамиев Алғыс хат пен сенсорлы ұялы телефон табыстады, II-ші орынға ие болған Журчинова Рыскүл қарындасымызға Балқаш қаласының «Жібек жолы» фирмасының басшысы Марат Ынсарбекович  Алғыс хат пен ноутбук сыйға тартты, I-ші орынға ие болған Нұрдос Кәрім бауырымызды Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Қарағанды өңірі бойынша  өкілі имамы, Қарағанды орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы Бекқожа құттықтап Алғыс хат пен теледидар табыстады.


Дән риза болған мешіт жамағаттары Ақ жаулықты әжелеріміз бен аналарымыз сақына төріне шығып Бас имам Асылхан қажы Рахымжанұлына еңбегіне табыс тілеп, рахметтерін айтып, ризашылықтарын білдіріп  иығынан шапан жапты.
Рухани салтанатты кештің соңында бас имам Асылхан қажы Рахымжанұлы жоғары деңгейде өтуіне белсене қатысқаны және атсалысқаны үшін біраз азаматтарға және жиналған жамағат қауымға ризашылығын білдіріді. Осындай ыстық ықылас пен ризашылық сөздерін келген имамдармен қала әкімдігіне де жолдады. Салтанатты рухани кештен аяғы Балқаш қаласының Бақыт тойханасында жайылған ақ  дастархандағы аспен мәресіне жетті. Рухани кештен қайтқан қауым өте көңілді тарасты.


[gallery link="file" ids="15116,15117,15118,15119,15120,15121,15122,15123,15124,15125,15126,15127,15128,15129,15130,15131,15132,15133,15134,15135,15136,15137,15138,15139,15140,15141,15142,15143,15144,15145"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары