Қазақстан халықтары Ассамлеяның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы - бұл мерекелер Қазақ жерінде кеңінен аталып өтілуде. Осыған орай Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағат басшысы Жаңагүл Жаркенқызының ұйымдастыруымен "Бір шаңырақ астында" атты тақырыпта іс-шара өткізілді. Қазақстан халықтары Ассамлеясына 20 жыл толуына орай өткізілген басқосуға Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мерей Жақия және өзге дін өкілдері, өзге ұлт өкілдері келіп, айтулы 20 жылдыққа байланысты орамды ойларын, құттықтауларын жеткізді. Сонымен бірге облыстық мешіт атынан қатысқан Мерей Қанатұлы мерекелерге арнайы жылы лебізін білдіріп, ел бірлігі мен береке-ынтымағы, жайында тағылымы мол уағыз-насихат жүргізді.
Пікірлер