Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шәкірттер іліммен шынықты
01 сәуір, 2015 жыл 71 Басып шығару нұсқасы

Діни сауаттылықтың сапасын арттыру мақсатында №1-мешітінің жанындағы діни сауат ашу бөлімінің шәкірттеріне «Тәжуид шебері - 2015» тақырыбында сайыс өткізілді. Біліктілікті арттыратын сайыста тәжуид ережелерін тиянақты меңгеруге қатысты дәрістерден сұрақтар қойылып, алғашқы және дұрыс жауап берген шәкірттерге сыйлықтар берілді. Мешіт жанында алып жүрген діни білімдерін сарапқа салуға бейімдейтін аталмыш сайыс алдағы уақытта фиқһ, ақида тақырыптарында жалғасатын болады. Сауапты сайыстан соң бас имам Орманбет Болатұлы шәкірттермен жалпы діни ахуал турасында сұхбат жүргізіп, ілім алумен қатар мінез-құлықты да тәрбиелеуге жете көңіл бөліп жүруге шақырды.


 Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="15453,15454,15455,15456,15457,15458,15459,15460"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары