Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлы мешіт имамдарымен арнайы жиын өткізді.
Басқосуда Астанада өткізілген республикалық имамдар форумында қабылданған тағылымды құжаттары төңірегінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәнді деректермен имам-молдалар жағы тереңінен ақпараттанды. Аталмыш кітапшалардан маңызды да өзекті тұстары қайта оқылып, әрбір мұсылманға, имамдарға қажетті мәліметтері кеңінен жеткізілді.
Пікірлер