Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қамқорлық - мұсылмандық қасиет
09 сәуір, 2015 жыл 80 Басып шығару нұсқасы

«Жетім көрсең жебей жүр» деген халық даналығы Алла елшісінің өсиетінен алынған сөз. Мұндай жақсы қасиет мұсылмандық талапты ұстанудың өміршең белгісі. Құранда жетімдерге пана болу жайында: «Сенен жетімдер туралы сұрайды. Оларға: «Оларды пайдалы және жақсылап жетілдіру қайырлы іс. Егер олармен бір жерде өмір сүрсеңіз олар сіздердің бауырларыңыз. Алла жетімдерге қамқор болмақ болғандар мен (олардың малы мен жағдайын пайдаланып) пасықтық жасағандарды біледі», -деп айт» делінген. Құран аяттары мен пайғамбар хадистерін тұрмыс-тіршілігіне айналдырған ата-бабаларымыз сауапты істі өлеңмен өрнектеген:


Жатсаң-тұрсаң жақсылар,


Бір Алла болсын тіліңде.


Рахым қылып сыйлап жүр,


 Жетім менен жесірді.


Бұларға қорлық іс қылсаң,


Басыңа солар кесірді.


Осы негізде жалпы қайырымдылық шараларды тұрақты атқарып отыруды күнтәртібінен түсірмейтін бас имам Орманбет Болатұлы қаламыздағы жетім балалар үйінде сауапты іс атқарды. «Жалпы және Жастар ісі» бөлімінің атынан жасөспірім балаларға жаздық киімдер мен кілем, қой етінен тарту жасады. Мекеме басшылары мен тәрбиеленуші жастарға имандылық пен сабырлық турасында насихат айтылып, қоғамның саулығы мен жастардың салауаттылығын тілеп бата жасалды.


Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="15669,15670,15671,15672,15673,15674"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары