Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жат ағымдардан сақ болайық!
09 сәуір, 2015 жыл 319 Басып шығару нұсқасы

 Қоғамымызға аса қауіп – қатер төндіретін діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресу-әрбір қазақстандықтың басты міндеті. Оған қарсы шараларды үздіксіз жүргізіп келетін ұйымдардың бірі бұл – мешіт ұжымы. Таяуда мұсылмандар мешітінің наиб имамы Әсет Ибраев 6505 әскери бөлімінің 2 – ші атқыштар батальонында болып, сарбаздармен кездесті. Дін өкілі еліміздің тыныштығын сақтап,  Қазақстан Қарулы Күштерінің өркендеуіне атсалысып, өздерінің салмақты үлестерін қосып жатқан әскери қызметшілерге діни экстремизмнің зияндылығын, әсіресе бұл індет жастардың өмірін ойрандап, болашағына балта шауып жатқандығын түсіндірді.


   Бүгінгі таңда елімізде мемлекет пен діннің арасындағы қатынас жаһандану дәуіріне негізделіп, жаңа модель арқылы дамып отырғандығын, дініміз қазақстандықтардың ар, сана, жүрек тазалығын қамтамасыз етіп, біліктілігін, сауаттылығын нығайтып, қазақы құндылықтарды қорғауға және сақтауға жетелейтінін жеткізді. Өйткені қазақ халқының ұлттық құндылықтары Ислам мәдениетімен тығыз байланысты. Сондықтан да еліміздің әрбір азаматы «тазалық» феноменін мықты ұстанып, жат әрекеттерге бармауы тиіс. Қазіргі күнде мұсылман қауымының арасында, тіпті бір отбасындағы екі ағайынды жік – жікке бөлініп, бірін – бірі кәпір санап, алакөзбен қараушылық белең алып отырғандығын ашына айтқан наиб имам әскери қызметшілерге такфиршілік, хизбутшылық, құраншылық және уаһабшылық сияқты неше түрлі жат ағымдардан сақ болуға шақырды.


  Сонымен қатар осылардың ішіндегі ең қауіптісі деструктивті ағым екені, ол тіпті бір отбасыны ішінара бір – біріне қарсы қойып, мұсылман жастарды ақиқат жолынан адастырып, әке – шешесімен, туған бауырларымен арпалысуға, қарсы тұруға әкеп соғатын әдістерді қолданылатындығы егжей – текжей түсіндірілді. Өзге жат ағымдар арқылы елімізге қатер төндіретін терроршылардың жастарымыз дайын қол шоқпарына, дайын қрауына айналмауы үшін жаппай күресуді тоқтатпауды өтінді.


  Кездесудің соңын  атқыштар батальонының командирі А.Каримов қорытындылап, мұсылмандар мешітінің наиб имамына алғыстарын білдірді. Сарбаздар  бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған жат ағымдардың діннен айырмашылығы, оған қандай азаматтар бейім тұратындығы жөнінен сұрақтар беріп, пікірлерімен бөлісті.


Аманкелді Тұржанов


[gallery link="file" ids="15687,15688,15689"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары