Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Алла елшісі - адамзаттың асылы
10 сәуір, 2015 жыл 102 Басып шығару нұсқасы
Мүбарак болған мәуліт айының құрметіне еліміздің түп-түпкірінде әлі меркелік іс-шаралар өтуде. Таяуда   Шет ауданына қарасты Талды ауылы «Сеңкібай би» мешітінің ұжымы қасиетті мерекені атап өтті.

Мерекелік іс-шараға Қарағанды облысының орталық мешітінің наиб имамы Жақия Мерей, Қарағанды облысы орталық мешітінің ұстазы әрі белгілі теолг Нұрбол Тағаев және бір топ ақындар Нұрмұхаммед, Дидиар Қамиев, Мақсат Аханов, Талды ауылының әкімі Төлеуов Боранбай, ауыл тұрғындары және мешіт имамдары қатысты.

Мереке қасиетті Құран оқумен басталды. Сахнаға бірінші ауыл әкімі Төлеуов Боранбай шығып, халықты Мәуліт мерекесімен құттықтады.Қарағанды облысы орталық мешітінің наиб имамы М.Жақия сахна төріне шығып жиналған қауымды мәулітпен құттықтап, мереке маңызына тоқталып өтсе, ұстаз һәм теолг Нұрбол Тағаев пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көркем өмір жолдарына кеңінен тоқталып, әсері мол уағыз жүргізді. С.Сейфулин кентінің молдасы Байхадамов Аман, Нұраталды ауыл мешітінің ұстазы Хантурин Елдос және 1-топ ауыл мектеп оқушыларымен бірге арабша мәуліт оқып берсе, айтыскер ақындар Дидар Қамиев пен Мақсат Ахановтар өлеңдетіп, керемет айтыс өткізді. Талды ауылының мәдениет үйінің актерлары «Шын дос» атты көрініс қойып, халықтың көңілінен шықса, Нұрмұхаммед ақын «Жоқ іздеп жүрмін» термесін жырына қосты. Мерейлі мереке соңында Талды ауылы «Сеңкібай би» мешітінің молдасы Мукашев Ерболат сөз сөйлеп, алыс-жақыннан келген қадірлі қонақтарға алғыстарын жеткізді.

[gallery link="file" ids="15720,15721,15722,15723,15724,15725"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары