Қасиетті жұма күні Шахтинск қалалық "Нұр" мешітінде қала тұрғындары, әсіресе Жаратқан Иемізге құлшылық жасайтын жамағаттарымыздың арасында «Қазақстан мұсылмандырының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті» және «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» жайында осымен екінші рет семинар өткізілді. Атаулы шараны мешітіміздің бас имамы Досбол Сейдалиев жүргізіп, жиналған қауымға Бас мүфтидің осы тақырыптарда жасаған баяндамасының маңызын, сондай –ақ, әрбір қазақстандықтың сана – сезімін адамилық қасиеттермен байытытатындығын, әсіресе имандылық жолында адаспайтын, қауіп – қатерлерден сақтайтын қуатты күш екенін өткір тілмен айқындады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, Ержан қажы Малғажыұлы хазіретінің әрбір өңірде мұсылмандар тұғырнамасы мен имамдардың тұлғалық келбеті жайында өзге де барша мұсылман қауымына түсіндіру, онда айтылған мәселелер мен уағыздарды жеткізуді қала және аудан, сонымен қатар ауылдардың имамдарына жүктеген болатын. Шахтинск қаласында өткен аталмыш семинарға имандылықты насихаттаған қала ақсақалдары мен жастар қатысып, имамның және мұсылманның тұлғалық келбеті бойынша өз пікірлерін ортаға салды.
Аманкелді Тұржанов
Пікірлер