Қарағанды облыстық орталық мешітінде «Салауатты қоғам» қоғамдық бірлестігі мен облыстық мешіттің ұйымдастыруымен «Ақида» пәнінің негізінде сертификаттау салтанаты өткізілді. Игілікті рәсімге жыл басынан бері яғни, қаңтар, ақпан, наурыз айларында мешітке келіп діни білім алған 200-ге жуық шәкірттерден іріктеліп 52 шәкіртке зор құрметпен сертификат табыс етілді.
Айтулы шара барысында ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы сөз алып, жас шәкірттерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді. Игі бастаманы ҚМДБ-ның жанынан құрылған РАНТ-ның мүшесі, теолог, «Салауатты қоғам» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тағаев Нұрбол Сайлауұлы жүргізіп, дәстүрлі дінімізге деген ықыласы зор, діни білімін толықтыруға аса ынталы жастарға үлкен сенім білдіретінін жеткізді. Сонымен бірге «Ақида» пәні бойынша жақсы оқып, өзінің алғырлығымен көзге түскен шәкірттеріне және мешіт жамағаттарына өз ризашылығын білдірді.
Бірінші рет өткізіліп отырған игі бастама алдағы уақытта да мешіт шәкірттеріне арнайы ұймдастырылатын болады.
Пікірлер