Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Имандылық паш етілді
12 сәуір, 2015 жыл 88 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті жұма күні мұсылмандар мешітінде қала тұрғындары, әсіресе Жаратқан Иемізге құлшылық жасайтын, бес намазын қаза қылған мұсылман жамағаттарының арасында «Қазақстан мұсылмандырының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті» және «Мұсылманның тұлғалық келбеті» жайында осымен екінші рет семинар өткізілді. Атаулы шараны мешітіміздің бас имамы Д.Сейдалиев жүргізіп, жиналған қауымға Бас мүфтидің осы тақырыптарда жасаған баяндамасының маңызын, сондай –ақ,  әрбір қазақстандықтың сана – сезімін адамилық қасиеттермен байытытатындығын, әсіресе имандылық жолында адаспайтын, қауіп – қатерлерден сақтайтын қуатты күш екенін өткір тілмен айқындады.


 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, Ержан қажы Малғажыұлы хазретінің әрбір өңірде мұсылмандар тұғырнамасы мен имамдардың тұлғалық келбеті жайында өзге де барша мұсылман қауымына түсіндіру, онда айтылған мәселелер мен уағыздарды жеткізуді қала және аудан, сонымен қатар ауылдардың имамдарына жүктеген болатын. Шахтинск қаласында өткен аталмыш семинарға имандылықты насихаттаған қала ақсақалдары мен жастар қатысып, имамның және мұсылманның тұлғалық келбеті бойынша өз пікірлерін ортаға салды.


Аманкелді Тұржанов


[gallery link="file" ids="15843,15844,15845,15846,15847"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары