Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағандыда имамдар мен жамағаттар арасында футбол кубогы өткізілді
13 сәуір, 2015 жыл 7 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Жақия Мерей Қанатұлының ұйымдастыруымен  облыстық мешіттер мен жамағаттар арасында «Бірлігі жарасқан жамағат» тақырыбымен футбол кубогы ұйымдастырылды.


Мешіт имамдары ақ сәлде, ақ шапандарын спорттық киімге ауыстырып, тұтас бір күнін футбол алаңында өткізді.  Дін қызметкерлерінің көркем уағыздарын тыңдап, иман байлығын жиып жүрген жамағаттарымызды бұл жолы мешіттен емес, «Жастар» спорттық кешенінен  кездестірдік.   Қала, аудан, ауылдардан жиналаған қатысушыларымыз 16 командаға бөлініп, қызу ойын жүргізіп, асыл дініміз бен қатар  спорттық ойындарды кеңінен дәріптеді.


Жыл сайын өткізіліп тұратын футбол кубогы биыл да қызықты да тартысқа толы болды. Алғашқы айналымда 16 команда ойын көрсетіп, арасынан  футболға икемі анық  командалар  іріктелді.  Сонымен,  2015 жылдың футбол кубогына  қай команда ие болды?- деген сауалымызға  жауаптар да анықталды. Қарағанды қаласындағы спорт шеберлері, белгілі төрешілердің әділ төрелік етуімен кіл үздіктер анықталды. Саран қаласының атынан көш бастаған "Игілік" командасы футбол кубогына иелік етіп, 1-орынмен жеңіс тұғырынан көрінді. Қарқаралы ауданынан келген "Құананбай қажы" командасы  екінші орынға жайғасса, Балхаш қаласының үздігі "Тәуекел" командасы үшінші орынға табан тіреді. Бұл көрсеткіштермен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Ең көп гол соққан» деген номинациялармен қатысушылар мараптатталды.


Осылайша кейінгіге үлгі-өнеге болған дүбірлі дода өз мәресіне жетіп, ойын мақсаты анықталды. Ал, өз командаларына жақтасқан жанкүйерлер тарапы тартысты ойынды тамашалап, әсерлі ойынның куәсі болды.


ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="15815,15814,15813,15812,15811,15806,15807,15810,15809,15808,15805,15804,15803,15802,15801,15796,15797,15798,15799,15800,15795,15794,15793,15792,15791,15786,15787,15788,15789,15790,15785,15784,15783,15782,15781,15776,15777,15778,15779,15780,15775,15774,15773"]

 


 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары