Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бірлігі бекем елге жаманшылық жуымайды
14 сәуір, 2015 жыл 12 Басып шығару нұсқасы

       Ел арасына іріткі салып жүрген экстремизмшіл топтардың теріс іс-әркеттеріне тосқауыл қою – бір күнде атқарылатын шаруы емес екені анық. Дәстүрлі дінінен адасқандардың ісіне, бүлікшілдігіне қарапайым халық наразы екені де рас. Шектен шыққандардың әрекетіне «Таспен атқанды аспен ат» дейтін қаймана қазағымыздың кішіпейілдігімен имамдар ел арасында көркем уағыздарын ретімен жүргізіп, иман байлығын  кеңінен насихаттап келеді.


     Бүгін Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Сейдалиев Досбол Ыдырысұлы 6505 әскери бөлімінің 2 – ші атқыштар батальонындағы сарбаздарымен арнайы кездесуге қатысып, өрелі жастарымызбен емін-еркін сұқбат жүргізді.


Ілкімді отырыстың бастауы - Ислам атын жамылып, өрескел қылықтарға орын беріп жүрген кейбір жерлестеріміз жайлы болды. Дәстүрлі дінімізден ауытқығандарымен қоймай,  шариғи үкімдерді ойдан шығарып, оң-солын танып үлгермеген жас буындарға «уағыз» жүргізіп жүргендеріне кімді де болсын ойландырары анық. Осы ретте әрбір қазақ баласы өз басын ғана емес отбасын, жақын адамдарын теріске кеткендердің теріс қылығынан сақтанып жүруге үгіттеп, үнемі ақпараттандырып жүруі тарқата айтылды. Ал, сұқбаттасу барысында  дініне бекем мемлекеттердің картасы мен берекесі кетіп, бірлігі азайған мемлекеттердің суреттері слайд түрінде көрсетілді.


Ізгілікке толы насихаттың жалғасымен Досбол Ыдырысұлы берекелі елімізге, бақытты Отанымызға деген шексіз сүйіспеншілік әрдайым жүрегімізде, іс-әркетімізде болсын деген ниетін үлкен әсермен жеткізді. Сондай-ақ бас имам: «Бірлігі бекем елдің іші әрқашан тыныштықта болады. Әрбір мұсылманның арасында татулық, береке-ынтымақ болса, біз ешқашан жаман болмаймыз.»-деп тағылымды кездесуін, әсерлі уағыздармен аяқтады.


Шахтинск қалалық "Нұр" мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="15895,15896,15897,15898,15899"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары