Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚМДБ: Қарағанды облысына 110 тонна гуманитарлық көмек көрсетілді (ФОТО)
22 сәуір, 2015 жыл 86 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жамағат, қайырымды жандар үшін жариялаған «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында 110 тонна азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсек, тұрмыстық заттар, т.б. жиналды.


Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен Қарағанды облысына «Қайырымдылық керуенін» бастап барған ҚМДБ Жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Алматы, Қарағанды, Семей, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Талдықорған, т.б. облыс имамдары Нұра ауданындағы Киевка, Қараой, Көбетей ауылдарын аралады. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, қайырымдылық көмек көрсетті.


«Бұл – халықтық мәселе, баршамызды біріктіретін қайрымдылық іс. Ислам қиналған жанға дер кезінде көмек көрсетуді бұйырған. Бас мүфти бастамасымен Діни басқарманың барлық аймақтағы мешіттері бүгінгі қайырымдылық іс-шараға атсалысуда. 3 күнде 110 тоннаны құрайтын азық түлік, тұрмыстық заттар қоры жиналды», – деді А.Ұтысханұлы.


Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, Елорда мешіттерінде 3 күн ішінде 3 үлкен жүк көлігіне гуманитарлық көмек қоры жиналыпты. «Намаз уақытында осы акция жайлы жамағатқа хабарлағанымызда, тіпті қолында барымен бөліскендер болды. Өзге ұлт өкілдері де бұл акциямызға атсалысып, белсенділік танытты», – деді журналистерге берген сұхбатында Н.Өтпенов.


Бүгінде «Қайырымдылық керуені» акциясына өзге де облыс мешіттері атсалысуда.


[gallery link="file" ids="16034,16035,16036,16037,16038,16039,16040,16041,16042,16043"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары