Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Асыл дін - бейбітшілікті насихаттайды
22 сәуір, 2015 жыл 89 Басып шығару нұсқасы
 

Ислам – экстремизм, терроризмге түбегейлі қарсы. Өркениетті мемлекеттердің барлығы ислам атын жамылып, теріс іс-әрекеттерімен ел арасында бүлік туғызып жүрген өзге ағымдармен күресіп бағуда. Соның ішінде жастарымызға  теріс істерімен ел берекесін қашырғандар жөнінде мағұлматтар беріліп, қисынсыз қылықтарынан сақ болу кеңінен насхатталуда. Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Досбол Ыдырысұлы жастарға асыл дінімізді насихаттау мен жат ағымдармен күресу жұмыстарына жіті көңіл бөлуде. Осы ретте мешіттің наиб имамы Ибраев Асет  Тау-кен индустриялық колледжінің студенттерімен өткізілген кездесуге қатысты.


Кездесу барысында экстремизм төңірегінде тақырып қозғалып, жат ағымның жетегінде кеткендер туралы қысқа метражды фильм көрсетілді.


А.Ибраев өзге ағымдардан сақтануға бағытталған уағыз жүргізіп, жалпы дін жайында туындаған сауалдарды сырттан емес мешітке келіп имам-ұстаздарынан сұрап, еркін сұқбаттасуға шақырды.

Бүгінгі күннің өрелі жастары жат діндерден  экстремизм туралы өзіндік пікірлері мен  көзқарастарын ортаға салды.

[gallery ids="16091,16092,16093"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары