Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

 «НҰР» МЕШІТІ: ҚАЙРЫМДЫЛЫҚ ХАЛЫҚҚА
24 сәуір, 2015 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды өңірі бойынша бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен су тасқынынан зардап шеккен жерлестерімізге  қайрымдылық көмек беру шаралары  жалғасуда.


Қасиетті жұма күні Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің  бас имамы Досбол Ыдырысұлының ұйымдастыруымен мешіт ұжымы және жамағаттары Шахан кентіне қарасты «Сегіз үй» ауылына жол тартты.


Қайырымдылық көрсету ниетімен барған халық жанашырлары ауыл тұрғындарының жағдайларын сұрап, алып барған киім-кешек, азық-түліктерін таратты.


Бас имам Досбол Сейдалиев «Сегіз үй» ауылының тұрғындарына  жалпы мейрімді жандардың атынан әрдайым тілеулес екенін жеткізіп, Алла Тағаладан апатты жағдайдың соңы жақсылықпен аяқталсын деген ниетпен құран  оқып, бата берді.


Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="16139,16140"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары