Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Тазалық- иманның жартысы
04 мамыр, 2015 жыл 18 Басып шығару нұсқасы

 Пайғамбарымыздың хадисінде: «Тазалық — иманның жартысы» — делінген. Дана халқымыз: «Таза табиғат – халық байлығы» деп жатады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретінің тікелей тапсырмасы бойынша «Көрікті мешіт» бәйгесіне Қарағанды облысы Балқаш қалалық мешіті, мешіт айналасын  тазалауға арнайы сенбілік ұйымдастырды.


Бұл шараға бас имам Түсіпбеков Асылхан, наиб имамдар, мешіт ұжымы, мешіт жамағаты қол үшін берді. Іс-шара барысында тазалық жұмыстары жасалып, көшеттер отырғызылды. Бұл шарада барлық қала тұрғындары өз үлестерін қосып, Балқаш қаласының көшелерінде де жалғасын тауып, қаламыздың көркеюіне септігін тигізді. Мешіт ауласына гүлдер отырғызылып, аралық жолдарын қоқыстан, ағаш бұтақтарынан тазартты. Ағаштардың бұтақтарын кесіп жөнге келтіріліп, талдарды сырлады. Қазіргі кезде мешітте біршама жұмыстар жүргізілуде.


Тазалықты әрқайсымыз өз жеке басымыздан бастап, айналамыздың да, барша жүрген жерлеріміздің де таза болуына көңіл бөліп, табиғат ананы қорғай білейік.


[gallery columns="5" link="file" ids="16339,16340,16341,16343,16344,16345,16346,16347,16348,16349"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары