Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Көрікті мешіт - көңіл сергітеді
05 мамыр, 2015 жыл 79 Басып шығару нұсқасы

Ислам – адамзат атаулысының жаны көркем, тәні тазалықта болуын кеңінен насихаттайды. Оның ішінде адамның айналасы, қоршаған ортаның тазалығы да назардан тыс қалмайды. Бүгінде ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілі, Қарағанды облыстық орталық мешіттің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы  облысқа қарасты барлық мешіттердің ауласы, айналасы тегіс таза тұруын және жиі  сенбілік жұмыстарын өткізуді тапсырған болатын. Бұл ретте көктем келіп, күн жылығалы   мешіттерде тазалық жұмыстары көптеп жүргізілуде.


Бүгін Қарағанды облыстық орталық мешіттің  ұжымы сәулеті мен сәні келіскен  мешітіміздің айналасына сенбілік жұмыстарын жүргізді. Жылдағыдай бірінші гүл, көшеттерді отырғызатын орындарды  арам шөптерден тазартып, күз, қыс мезгілдерінен қалған жапырақтар, шөп-шырмаулар өртелді.


Жалпы, көрікті мешітімізде сенбілік жұмыстарынан бөлек күн сайын ауласы мен  айналасы сыпырылып, дәйім тазаланып тұрады.


Құлшылық-ғибадатын жасауға келген әрбір жамағатқа Алла үйінің әсемдігі мен тазалығы жағымды әсер қалдырса, кейінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге.


[gallery link="file" size="medium" ids="16408,16409,16410,16411,16412,16413"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары