Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Зират айналасына сенбілік өткізіліп, құран оқылды
08 мамыр, 2015 жыл 142 Басып шығару нұсқасы

Нұра ауданынына   іргелес  жатқан мұсылмандар зиратының басына  тазалық  жұмыстары  жүргізілетіні жайлы  алдын-ала  жамағатқа  хабарландырылған болатын. Өткен  жексенбі  күні  зират басына, айналасына сенбілік жұмыстары   өткізілді.


Қар   еріп, жер құрғағаннан кейін, зират  басының  тазалығына  көңіл бөлу,  қоршауларын сырлап тәртіпке келтіру, мешіт қызметкерлері  тарапынан қолға алынған.


Қазақта «Өлі риза болмай, тірі байымайды»-деген сөз бар. Мешіттің бас имамы Хумар Қоныскерей марқұм   болған  аруақтарға  құран бағыштап, сенбілікке келген әр бір мұсылман аға-бауырларының  істеріне  жақсылық  ниетін білдірді.


Зират басына тазалық  жұмыстары ауданға қарасты өзге де ауылдарда жалғасын тапты.


[gallery size="medium" ids="16499,16500,16501"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары