ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай, мамыр айының 2-і күні Нұра ауданының орталық мешіт ауласына көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
«Ағашты жердің ырысы мол, Бауырмалдың тынысы мол»-деген даналықпен мешіт маңайына таңқурай және жас шырша көшеттері отырғызылып, раушан гүлдерінің дәндері себілді.
Сауапты іске ұйытқы болып, демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер тарапына, мешіттің бас имамы Хумар Қоныскерей ақсақалдар алқасы атынан алғысын білдіріп, істеріне Алланың берекетін тіледі.
Пікірлер