Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ШАХТИНСК: ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫ ЕЛДІК МЕРЕКЕ
11 мамыр, 2015 жыл 83 Басып шығару нұсқасы

Діні мен дәстүріне берік Қазақ елі Ұлы Отан соғысын айырықша атап өтуде. Жер-жерлерде жеңістің 70 жылдығына арналып түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ардагерлерімізге құрметі, ізет көрсетілуде. Бұл айтулы мерекені  тойлауда Шахтинск қаласының тұрғындары да шет қалмады. Шахтинск қалалық "Нұр" мешітінің бас имамы Досбол Ыдырысұлы және мешіттің наиб имамы Әсет Ибраев  Шахтинск қаласындағы ардагерлеріміз Виктор Михайлович, Петр Константинович,  Сергей Беззубов(суретте)    шаңырақтарына барып, жеңіс мерекесімен арнайы құттықтады.  Қал-жағдайларын сұрап барған дін өкілдеріне ардақты ардагерлеріміз  соғыс жылдарынан естеліктер мен бүгінгі бейбіт күнге шүкіршілік айтып ағынан жарылды.


Соғыс майданында шейіт болғандарға гүл шқтары қойылды


Мереке қарсаңында Новодолика елді-мекенінде  соғыстың зұлматты жылдары майданда қаза тапқан батыр тұлғалардың  тізімі жазылған  ескерткіш тақтасына гүл шоқтары қойылып, естелікке толы сағыныш лебіздері айтылды.


Аталмыш рәсімге Шахтинск қаласының әкімі Аглеулин Александр Минвалеевич, Шахтинск қалалық "Нұр" мешітінің бас имамы Досбол Ыдырысұлы  және басқа да әкімдер, мекеме басшылары, дін өкілдері қатысты.


 

 

[gallery link="file" ids="16522,16523,16527,16521,16529,16526"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары