Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

taglym.kz сайты жаңа үлгісі іске қосылды
15 мамыр, 2015 жыл 7 Басып шығару нұсқасы
2e79051f535b06583dfeaa47b4b5b74c_XLXXI-ғасыр - ақпарат пен жаңа технологиялардың тасқындаған уақыты. Ал жаңа технологиялардың тілін меңгеру заман талабы. Сондай-ақ, «ақпарат ғасырында» бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше екені ақиқат. Өйткені, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық санаға әсер етіп, қоғамның бір-бірімен байланысын арттырады.

Сондықтан, заманның үнін тап басу мақсатында taglym.kz ақпараттық, діни-танымдық сайты жаңа үлгіге ауысты. Өткен жылы ғана жаңа атаумен ашылған аталмыш сайт ақпарат кеңістігінде өз орнын алып, жағымды жаңалықтарымен, мазмұнды мақалаларымен, білікті де білімді теологтардың видео-медиа дәрістерімен оқырмандарын ақпараттандырып келеді.

ҚМДБ-ның Талдықорған өкілдігінің ресми сайты дін мен дәстүрді дәріптеу, ел ынтымағы мен бірлігіне үлес қосу, имандылық кәусарына бет бұрған жандарды дұрыс әрі маңызды діни құндылықтармен оқырмандарды сусындатып келеді.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары