Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Тәлім мен тағылым сабақтасты
20 мамыр, 2015 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

Мұсылмандыққа ден қойып, Ислам қағидаларын мейлінше меңгеріп, рухани азықты мұрат тұтқан жамағат саны күн санап артып келе жатқаны белгілі. Тәуелсіздік алып тәуекелге бел буған елімізде дінтанушылар мен ұлағатты ұстаздар қатары толығып келеді. Дін – насихаттан тұрады деген қалыптасқан қағидаға сай сапалы кездесулер өтуде. Сондай игі істердің қатарында облыстық мешіттен бастау алған ауқымды кездесу Қарағанды №1-мешітінде жалғасты. РАНТ мүшесі Әбдіғаппар Смановтың уағыз насихатын тыңдауға мешітке 700-ден аса жамағат жиналды. Насихат барысында Құран Кәрімнің тәпсірі, мұсылмандар бірлігі, өзара мейірімділік, жат ағымға еліктемеу, тәубеге келу сынды тәлімдер қамтылды. Бас имам Орманбет Болатұлы мешіт асханасында құрметті қонақ пен жамағатқа арнап ас ұйымдастырды. Әсерлі уағыз жамағатқа жайылған дастархан үстінде жалғасып, сауалдар мен жауаптарға ұласты.


    Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" columns="2" size="medium" ids="16794,16795,16796,16797,16798,16799,16800,16801,16802,16803"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары