Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Дін-дәстүріне қаныққан бала елінің бағы
25 мамыр, 2015 жыл 108 Басып шығару нұсқасы

             Соңғы қоңырау - әрбір адамзат баласы үшін ерекше сезімге бөленетін ерек күн. 11 жыл оқытып, өз баласындай қамқор болған ұстаздардың ерен еңбегі өз алдына бір төбе. Осы орайда аяулы ұстаздарымызды мерекемен құттықтап, құрмет көрсету  мақсатымен Бұқар жырау ауданы бойынша бас имам Аманбол қажы Рымқұлұлы аудандағы №1 Қазақ орта мектебіне барып қайтты.


Бас имам мектепте өткізілген айтулы мерекелік шараға қатысып өмірдің жаңа баспалдағына қадам басқан жас түлектерге сәт-сапар тілеп, жылы лебізін білдірді. Сонымен бірге аудан ақсақалы Сапарғали ақсақал өсіп келе жатқан өрелі жастарымызға ақ батасын берді.


ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының атынан асыл дініміз бен тағылымды дәстүріміздің дамуына зор үлес қосқаны үшін мектеп директоры  Балпанов Серік Бакішұлына алғыс хат табысталды. Аманбол Рымқұлұлының және аудандық мешіт атынан оқушыларға тәлім-тәрбиеге тұнық қазақ дәстүрі мен дәстүрлі дінін кеңінен  насихаттауға үлес қосқаны үшін директор орынбасары Еркін Рақышевке, психолог Шынар Мукушеваға алғыс хат құрметпен берілді. Аудан имамы құттықтау барысында: "Кейінгі өскелең ұрпақтың дамуына барын, нарын салып, қызмет етіп жүрген сіздерге Алла разы болсын. Балаларымыз сіздердің оқытып-тоқытуларыңыздың арқасында және мектеп білімімен қатар өнегелі тәрбие алуда. Осындай ізгіліктеріңіз үшін  өкіл имамның  атынан зор алғысымызды білдіремін."-деді.


Мешіт пен мектеп арасының байланысы үзілмейді. Себебі, оқушылар үш ай демалысқа шыққанымен, мешітке жазғы лагербге келуге әбден мүмкіндіктері бар.


[gallery link="file" ids="16910,16911,16912,16913,16914"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары