Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ақиқатқа жетудің айқын жолдары айтылды
25 мамыр, 2015 жыл 142 Басып шығару нұсқасы

Мұсылман қауымының діни сауаттылығын шыңдайтын және рухани сұранысын арттыратын ауқымды іс-шаралар өз кезегінде сабақтасып жалғасып жатыр. Осы негізде Қарағанды облысына ат басын тіреген РАНТ мүшесі, ұстаз, дінтанушы Ризабек Батталұлы облыстық орталық мешіті мен «Балақажы» мешітіндегі жамағаттарға насихат айтып, сан-салалы сұхбатын №1-мешітінде аяқтады. Жиылған жамағатқа мешіт асханасында дәм беріліп, дастархан басында екі сағатқа жуық уағыз жүргізілді. Ақиқатқа жетелейтін жолдың туралығы мен ақидаға қатысты түсініктер, ханафи мазхабы, ағымдар жайлы ақпарлар айтылды. Жамағат тарапынан жан-жақты сауалдар қойылып, нақтылы жауаптар берілді. Уағыз барысында дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы хазіретіміздің бастамасымен қоғамда кеңінен қамтылып жатқан ұлттық құндылықтар туралы бейнеролик көрсетілді. Жамағатпен өткен рухани жігерлендіретін жиынды ҚМДБ-ның өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы батамен аяқтады.


Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery size="medium" link="file" ids="16884,16885,16886,16887,16888,16889"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары