Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағандыда Бауыржан Отарбаевтың уағыздары насихатталды
29 мамыр, 2015 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның жанынан құрылған Республикалық Ақпараттық Насихаттық тобының мүшесі, дінтанушы    Бауыржан Отарбаев Қарағанды өңіріне іс-сапармен келіп, жүйелі жоспардың негізінде бірқатар мекемелерде өткізілген кездесулерге қатысты. Жоспардағы бағдарлама бойынша Б.Отарбаев Теміртау қаласындағы Тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығында өткізілген кездесу жиынымен бастады.


Бұл басқосуға ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Саран, Теміртау қалалрының бас имамдары және Дін істері басқармасының мамандары қатысты.


Ілкімді отырыстың бастауы діни экстремизм мәсселесі қозғалып, «Ислам – экстремизмге түбегейлі қарсы!» тақырыбында сұқбаттасу кеңінен өрбіді. Осындай тақырып төңірегінде Қарағандыға қарасты Жаңаарқа ауданында да болып өтті. Сондай-ақ аудан мешітінде қалың бұқарамен кездесулер ұйымдастырылды. Мешітте өткізілген кездесуде РАНТ-ның мүшесі Б.Отарбаев имандылық, жанның тазалығы сынды тағылымды тақырыптар насихаттады. Әсіресе асыл дінімізге зиянын тигізіп, ел арсында іріткі салып жүрген ағымдардан сақтану жайы да тақырыпқа арқау болып, қараша халықты әрдайым мешіт имамдарынан, ұстаздарынан дәріс алуға шақырды. Бұл жүздесулер барысында жамағатқа ең қажетті деген мәліметтер мен мән-мағынаға толы уағыздар айтылды.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


 


[gallery columns="2" size="medium" ids="16960,16961,16962,16963,16964,16965,16966"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары