Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Өткенге Құран бағышталып, құрмет көрсетілді
04 маусым, 2015 жыл 120 Басып шығару нұсқасы
Осыдан 80жыл бұрын ұлтымыздың боздақтары саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны, орны толмас қайғының орын алғаны  тарих  беттерінен белгілі.  Ал, 1932 жылы   ашаршылық оқиғалары кеңінен орын алғаны да өз алдына бір қасірет.

Озбырлықтың құрбаны болған саңлақтарды бүгінгі ұрпақ ұмыт қалдырмайды. 31-мамыр күні  еліміздің барлық аймағында өткеніміздің рухына Құран бағышталып, еске алу  шаралары кеңінен өткізілді.

Бүгінде тұғырлы еліміздің амандығын, тыныштығын, береке-бірлігін тілеу баршамыздың бірге атқарар борышщымыз. Осы орайда жыл сайынғы игі дәстүрмен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің құрметіне өтетін қаралы жиынға  қалдамыздағы мекеме басшылары және өзге ұлт өкілдерімен бірге ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы қатысты.

Еске алу жиынында өкіл имам  қиыншылықта қаза болған боздақтарға дұға бағыштап, тәуелсіздігі тұғырлы еліміздің бейбітшілігі, ынтымақ-бірлігі мәңгі болсын деп бата жасады.

[gallery link="file" columns="2" size="medium" ids="17047,17048,17049,17050"]

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары