Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шағбан айы шарапатты шарамен аяқталды
16 маусым, 2015 жыл 62 Басып шығару нұсқасы
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының осы өңірге бекіткен кестесі бойынша өткізілген Қарағанды қалалық №1-мешітіндегі «Көңілді жаз - 2015» діни сауат ашу курсы тәмамдалды. Қасиетті рамазан айының қарсаңында діни сауат ашу курсын қорытындылаған бас имам Орманбет Болатұлы жетпіске жуық балаларды екі топқа бөліп, жаз бойы алған діни тәлімдерін сарапқа салды. Шәкірттер арасынан үздік шыққан балалар сыйлықтармен марапатталды. Сайысқа ата- аналар да қатыстырылды. Діни және дүниеуи ілімді болудың артықшылықтарын түсіндірген бас имам ата-ананы құрметтеу мен иманды болудың негіздерін насихаттады. Ізгілікті іс-шарадан соң барлық балаларға сертификаттар мен сыйлықтар, ұстаздарға алғыс хаттар табысталып, мерекелік дастарханнан дәм берілді. Шараға қатысқан ата-аналар балаларының рухани тәрбиесіне үлес қосқан дін қызметкерлеріне аналық алғыстарын білдіріп, мешіт ақсақалы балалардың бақытын тілеп ақ батасын берді.

Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары