Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қош келдің, Рамазан!
22 маусым, 2015 жыл 157 Басып шығару нұсқасы

Ұлы жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы – қасиетті Рамазан – сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иеміздің рахымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да – Рамазан.


Мұсылманның қасиетті Рамазан айы мерекесі қарсаңында Киевка кентінің «Тәуелсіздік» саябағында шағын футбол және стритболдан жарыс өткізілді. Жас спортшыларға ауданымыздың бас имамы Құмар Қоныскерей қажы Рамазан айы жайлы мазмұнды мағлұмат беріп, сәттілік тіледі. БЖСМ басшысы Р.С. Нариманов өз тарапынан Рамазан айымен құттықтап, спортшыларымызға жақсы ойын көрсетуге тілек білдірді. Е.С. Смаилов, А.Чуутан және Б.Н. Мананбеков төрешілік еткен жарысқа Жараспай, Қарой ауылдары мен Киевка кенті мектептерінің 8-9 сынып оқушылары қатысты.


Спорттық іс-шаралардан бөлек ауданымыздың орталық мешітінің алдында киіз үй тігіліп, құрбандық шалынып, мешіт жанындағы асхана құрылысын салып жатқан құрылысшылар мен жамағатқа ас берілді.


Ас беру рәсімінің арты жас спортшыларды марапаттауға ұласты. Жарыс қорытындысы бойынша шағын футболдан 1-орынды №2 КОМ, 2-орынды Қарой ОМ, 3-орынды №3 КОМ оқушылары иеленді. Ал, стритболдан 1-орынды №2 КОМ (1), 2-орынды Жараспай ОМ, 3-орынды №2 КОМ (2) командалары жеңіп алды.


Іс-шаралар соңында мешіт алдында жиналған бүлдіршіндерге 200-ден аса балғын балмұздақ тегін таратылды. Рамазан айының қадір-қасиетін, шын мәнінде, молшылық пен ырзалық айы екенін сезінгендей бүлдіршіндер қуанышқа кенелді.


Әділхан Сапар


[gallery columns="2" link="file" size="medium" ids="17327,17328,17329,17330,17331"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары