Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балқаш халқы үндеуді қолдайды!
24 маусым, 2015 жыл 89 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының биылғы қасиетті  Рамазан айына жариялаған үндеуіне Балқаш халқы қолдау білдіріп, мешіт жамағаттары бірлесе сауапты істер атқаруда.  Өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының Рамазан айына қатысты насихатты дамыту барысында тапсырған іс-шараларына байланысты Балқаш мешітінің бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажы Рақымжанұлының басшылығымен мешіт ішіндегі және ауладағы ақпарат тақтайшасына Бас мүфтидің үндеуі ілінді. Сондай-қ, ақпарат тақтайшасына аптасына екі рет «Ислам өркениеті» газетінің жаңа саны қойылып отырады. Халық газеттен тың ақпараттармен алмасуда. Бүйім халыққа Рамазан айымен құттықтаулар және ауыз бекіткен жамағатқа ораза тұту кестелері таратылды. Үндеуге қолдау білдірген азаматтар мен кәсіпкерлер өз тараптарынан азық-түлік бағаларына, күнделікті тұрмыстық заттарға және киім-кешектерге арнайы жеңілдіктер жасап отыр. Бұл игілікті іс Рамазан айының соңына дейін жалғасын таппақ. Ай бойы қала көшелері мен аулалар тазартылып отырмақ. Алдағы уақытта да сауапты істердің көптеп жасалуына сеніміміз мол!


Балқаш қалалық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery columns="2" link="file" size="medium" ids="17376,17377,17378,17379,17380,17381,17382,17383,17384,17385,17386,17387,17388,17389,17390,17391"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары